«Қазақмыс» Тобының Шатыркөл байыту фабрикасына кәсіпорынның техникалық жабдықталуын жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарлама аясында жаңа техника жеткізілді. Фабрика бір бульдозер, екі Foton автокөлігін және бір жедел медициналық жәрдем көлігін алды. 2026 жылдың соңына дейін тағы үш техника бірлігін жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды dalanews.kz.
Автопаркті жаңарту фабриканың өндірістік және шаруашылық қажеттілігін қамтамасыз етуге, көлік инфрақұрылымын дамытуға және қосалқы қызметтің жеделдігін арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда, бульдозер өндірістік және қосалқы жұмысты орындауға арналған. Foton автокөліктері кәсіпорынның көлік қажеттілігіне пайдаланылады. Ал жедел медициналық жәрдем көлігі жұмыскерлерге медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қызметтің техникалық жарақтандырылуын толықтырады.

Техниканы жаңартудың келесі кезеңінде вахталық автобус, тентті шанағы бар Foton жүк көлігі және манипуляторы бар КАМАЗ жеткізіледі. Жаңа техника кәсіпорынның көлік мүмкіндігін кеңейтіп, түрлі өндірістік және шаруашылық міндеттерді орындауға жағдай жасайды.
Техникалық жарақтандыруды жаңартумен қатар фабрикада өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жүргізілуде. Кәсіпорын аумағында жөндеу-механикалық шеберханасы, зертхана, өрт сөндіру депосы, жатақхана және асхана жұмыс істейді.
Жұмыскерлер аумақты абаттандыруға белсенді атсалысуда. Ұжымның күшімен аллея, субұрқақ-сарқырама және түрлі іс-шаралар өткізуге арналған сахнасы бар алаң жабдықталды.

Шатыркөл байыту фабрикасының техника паркін жаңарту және инфрақұрылымын дамыту кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға және жұмыскерлер үшін еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.