Қазақмыс кен орындарын шетелге сатып жатқаны рас па?

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2025 12:10 713

Қазақмыс кен орындарын сатып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейбір БАҚ және әлеуметтік желілерде пайдалы қазбалар өндіретін сегіз кен орнын шетелдік инвесторға сату жөнінде келіссөз жүріп жатыр деген ақпарат тараған болатын.

Алайда компания өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.«Қазақмыс» корпорациясы шетелдік немесе басқа да инвесторларға қандай да бір кен орындарын сатуға қатысты келіссөз жүргізіп жатқан жоқ", делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілік жүктейді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қоғамды тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенуге, сондай-ақ қауесет таратудан аулақ болуға шақырамыз", дейді компания өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар