Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында заманауи, жылдам салынатын модульдік спорт залдары пайдалануға берілді. Жоба Қазақмыс корпорациясы ЖШС қолдауымен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және облыс әкімдігі арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Құрылысқа бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 346 млн теңгені құрады. Жаңа нысандар жыл бойы пайдалануға арналған және күн сайын 100-ге жуық адамға спорпен айналысуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру «Қазақмыстың» өзіне қатысы бар өңірлерді дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі саналады. Жамбыл облысында бұл жұмыс Шу ауданы әкімдігімен жасасқан өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында жүргізіліп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, елді мекендерді абаттандыру мен халықты қолдауды қамтиды.
Қазақмыс Жамбыл облысының дамуына инвестиция салады
Kazakhmys