Қазақ-түрік лицейлерінің мәселесіне нүкте қойылды

Dalanews 13 нау. 2017 10:45 876

Қазақстан СІМ басшысы мәлімдегендей, бұрынғы қазақ-түрік лицейлерінің қызметін Қазақстанның тиісті билік өкілдері ғана қадағалайтын болады. 

ҚР сыртқы істер министрлігі қазақстандық білім беру мекемелерінің қызметіне, оның ішінде бұрынғы қазақ-түрік лицейлерінің жұмысына ешкімнің араласпайтындығын мәлімдеді.

"Қазақ-түрік лицейлері ребрендинг үдерісінен өтті, атаулары өзгерді. Олар Қазақстанда бекітілген оқу бағдарламаларына сүйенеді, сондай-ақ тиісті жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады", — деді СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.

 "Біз ҚР аумағындағы білім беру мекемелерінің қызметіне біреудің араласуына жол бермейміз", — деді ол. Айта кетейік, қазақ-түрік лицейлеріне "Білім-инновация лицейі" деген жаңа атау берілген. 

Дереккөзsputniknews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар