Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден аса қаражат Абай облысын сумен қамтуға жұмсалмақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден аса қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Өңірде жалпы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Семей қаласында.
"Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды. Облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.