Freedom Inside '26

Қайрат Шәріпбаевтың экс-жұбайына тиесілі компанияның үлесі аукционға шығарылды

Қайрат Шәріпбаевтың экс-жұбайына тиесілі компанияның үлесі аукционға шығарылды
Фото: nege.kz

Мемлекет кірісіне қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) Kundybai Mining компаниясының 20% акциясын сатылымға шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл компания Құндыбай кен орнында геологиялық барлау және зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Лоттың бастапқы бағасы – 51,3 млн теңге. Аукцион 2025 жылдың 24 желтоқсанында өтеді.

Айта кетейік, Жанар Сейдвалиева QazaqGaz ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың экс-жұбайы.