Дегенмен, «ол неге өнерден кетпек?» деген сауал танымал әншінің тыңдармандарына маза бермегені анық еді.
Бұл тарапта «Dalanews.kz»-ке аталған мәселеге қатысты пікір білдірген Қайрат Нұртас: «Өнерден кету туралы ой менде мүлдем жоқ! Орыс басылымдары менің сөзімді бұрмалап жіберген. Сол-ақ екен көпшілік арасына «Қайрат әншілікпен қош айтысады» деген әңгімелер тарап кетті. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Халық қалаулысы болған күннің өзінде де өнерден алыстамаймын. Елімнің, тыңдармандарымның ортасында боламын. Алаңдамаңыздар!», – деді.