24-25 тамызда Жетісу облысы Панфилов ауданында нөсер жауын жауып, таудан аққан су салдарынан Сарыөзек - Көктал тасжолының бірнеше учаскесі лай мен тас астында қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жолдың кей бөліктері шайылып, қоршаулар зақымданған. Шағын көпірлер мен су өткізетін нысандардың маңына да лай мен тас жиналған.
Қазір таудан аққан су тоқтап, жолдағы жағдай тұрақталған. Көлік қозғалысы жалғасып жатыр.
Жол қызметтері тазалау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 11 маман мен 7 арнайы техника жұмылдырылған.
Мамандар шайылған учаскелерді нығайтып, су бұру жүйесі мен зақымданған қоршауларды қалпына келтіріп жатыр.