Қасымов Алматыға келеді, Мәсімов ше?

Dalanews 18 шіл. 2016 16:38 902

Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысы кезінде президент Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жағдаймен жақын танысу үшін тез арада Алматыға жетуді тапсырды. 

Бұл туралы Үкіметбасы Кәрім Мәсімов өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Айта кетелік, бүгін Алматыда болған қарулы қақтығысқа байланысты Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізді.

Жиында Назарбаев оқиғаны лаңкестік деп атап, бұған қатысты алып-қашпа ақпарат таратқан арандатушыларды жазалау қажеттігін айтты. "Сонымен қатар Алматыдағы атыс кезінде қаза болған полиция қызметкерлеріне тиісті көмек көрсетілсін" деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар