Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония халқына көңіл айтты

Ақтоты Жапатова 07 ақп. 2026 16:36

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.

– Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove