Биыл «Д-Сабыр» шаруақожалығы интенсивті бау тәсілімен 15 гектар аумаққа алма көшеттерін отырғызды. Бозарық тұрғын алабында орналасқан бау шаруашылығына 100 млн теңге болатын инвестиция салынған. Мұнда алманың «Айдаред», «Ред делишес», «Джонаголд», «Глостер» сынды түрлері егілген. Бау шаруашылығында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым уақытысында жұмысшылар саны артатын болады.
Аталған жобаға кеткен шығынның бір бөлігін өтеу бойынша мемлекет тарапынан 25 млн теңге көлемінде субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді.
Бұдан бөлек, қалада осы жылы озық технологияны қолдана отырып өнеркәсіптік үлгідегі көлемі 5,7 гектар болатын екі жылыжай кешені іске қосылды.