Qarmet өндірісін дамытуға $3,5 миллиардтан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Олардың ішінде $552 миллионға кокстық батареялар салу, $239 миллионға мырыштау және бояу желісін салу, $300 миллионға аглодомен өндірісін реконструкциялау, $150 миллионға ыстықтай илемдеу цехын жаңарту және тағы басқа жобалар бар. Көмір департаментіне $500 миллион, ал темір рудасы департаментіне $978 миллион инвестиция қарастырылған.
2024 жылдың 9 айында болат өндіру 14%-ға артып, 2,6 миллион тоннаға жетті (2023 жылдың осы кезеңінде 2,3 миллион тонна болған), көмір өндіру 2%-ға өсіп, 4,7 миллион тоннаға жетті (өткен жылдың осы кезеңінде 4,6 миллион тонна болған), концентрат өндірісі 17%-ға өсіп, 2,3 миллион тоннаны құрады (2023 жылдың осы кезеңінде 1,9 миллион тонна болған).
2024 жылдың мамыр айында Qarmet соңғы бес жылдағы ең үздік өндірістік нәтижесін көрсетіп, бір айда 330 тонна болат өндірді.
Барлық жетістіктер компанияның «5-9-5» даму бағдарламасының тиімділігін делелдеп отыр, яғни 2028 жылға қарай 5 миллион тонна болат, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна концентрат өндіру жоспарланып отыр.
Алдағы жетістіктердің басты критерийі ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік танылды. Компания барлық активтерге тәуелсіз аудит жүргізді және оның нәтижесінде өндіріс процестерін қауіпсіздікті арттыруға басымдық бере отырып, кең ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.
2024 жылы Көмір департаментінің орталық диспетчерлік бөлімі іске қосылды, ол барлық шахталардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылайды. Оған газ датчиктерін бақылау, кеншілердің жұмыс кезінде денсаулығын талдау, төтенше жағдай кезінде жедел хабарлау және 700 метр тереңдікте де шахтерлермен тікелей бейнебайланыс мүмкіндігін қамтамасыз ету кіреді. 2025 жылы заманауи цифрлық шешімдер әлі енгізілмеген 6 шахтада позициялау жүйесін орнату аяқталады. Сонымен қатар, алдын ала дегазация тәжірибеге енгізілді, ол қазу бригадаларының алдында жер бетінен бұрғылау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс орындарындағы метан деңгейін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша ең ірі экологиялық жоба – өндірісті табиғи газға көшіру. Қазіргі уақытта бұл шешімді пайдаланбайтын жалғыз металлургиялық өндіріс болып қала беруде. Жоба «Сарыарқа» газ құбырына қосылу арқылы жүзеге асырылады, ол кәсіпорыннан 25 км қашықтықта орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталып, газ құбырын цехтарға жеткізу 2025 жылы аяқталады.
Қаланың экожүйесін жақсарту бойынша тағы бір бастама Теміртау қаласында трамвай қозғалысын қайта жаңғырту болды, ол 2023 жылдың ақпанында жабылған болатын. 2024 жылдың сәуір мен қыркүйек айлары аралығында 15,3 км теміржол ауыстырылды. Жалпы 30 км жол жөндеуден өтеді. Qarmet 8 жаңа заманауи вагон сатып алды, оның біріншісі осы жылдың 1 қазанында сынақтан өтті. Тұрақты қозғалыс 2024 жылдың соңына дейін барлық сынақтар аяқталғаннан кейін басталады.
«Qarmet» АҚ – Қазақстан Республикасындағы толық өндірістік циклге ие ірі тау-металлургиялық компания, Орталық Азиядағы көмір, темір рудасы және энергетикалық базасы бар жалғыз интеграцияланған тау-металлургиялық кешен.
Qarmet Қазақстан Республикасындағы ең ірі қала құраушы кәсіпорындардың бірі болып табылады, 8 моноқаланың 180 мыңнан астам тұрғындарын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етеді.
Компанияның негізгі активтері Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан. Qarmet Қазақстандағы ірі салық төлеушілердің бірі. 2024 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 105 миллиард теңге төленді.
Кәсіпорынның жалпы қызметкерлер саны – 35 мыңнан астам адам, оның ішінде Теміртау металлургиялық комбинатында 14 мыңнан астам қызметкер, Көмір департаменті мен еншілес кәсіпорындарда 15 мыңнан астам адам жұмыс істейді.