Қазақстандық банктер шоттар мен олардың қалдығы туралы деректерді салық органдарына беретін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы министрлігі осыған қатысты ережелерді реттейтін бұйрық жобасын жариялады. Құжатта жаңа есеп беру формасы 2026 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында енгізілетіні көрсетілген. Ал жобаның өзі биылғы 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
Банктердің міндеті
Барлық банктер салық органдарының сұрауы бойынша 10 жұмыс күні ішінде мына мәліметтерді беруге тиіс:
нақты адамның банктік шоты бар-жоғы;
сол шоттардың нөмірлері;
шоттағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпарат.