Қаржы министрі: "Коронавируспен күреске 2 млрд теңге бөлеміз"

Dalanews 05 ақп. 2020 09:30 691

Қосымша шығындар біздің азаматтарды, студенттерді індет ошағынан алып шығуға байланысты туындаған.




Қазақстан коронавируспен күресуге бюджеттен қосымша 2 миллиард теңге бөледі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Қазақстан коронавируспен күресуге қосымша 2 миллиард теңге бөледі. Қазір қосымша шығындар жоспарға қосылды, біздің азаматтарды, студенттерді алып шығуға байланысты. Бұл - мемлекеттік резервтен алынатын жоспарланған сома, - деді Смаилов.

Ол мемлекеттік резервтен бөлінген қаражат коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық бетперделер, дене қызуын анықтайтын құрылғылар және басқа да жабдықтарды сатып алуға жұмсалғанын айтты.

Алдында қазақстандықтарды коронавирустан қорғауға ел қазынасынан 1,5 млрд теңге бөлінген болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар