Қарақиялық әзілкештер республикалық фестивальде топ жарды

Dalanews 04 мам. 2021 15:36 799

Қарақиялық «Бостан» әзіл-сықақ театрының ұжымы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалінде I орын иеленді. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті , – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өнер додасы Қостанай қаласында өтті. Шара белгілі сатирик, жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметовты еске алу мақсатында ұйымдастырылған.

– Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен «Екі езу», «Бәке-Сәке», «Мың бұлақ» сынды 16 әзіл-сықақ театры қатысты. Маңғыстаудың атынан өнер көрсеткен «Бостан» әзіл-сықақ ұжымы I орынға ие болды.

Бұдан бөлек, қарақиялық әртістер «Ғұмар Ахметчин» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында белгілі сатирик, Президент сыйлығының иегері Көпен Әмірбек және Зәмзәгүл Кенжеахметова болды, – деді Дүйсенбай Атағараев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар