Қарағанды облысында полицейлер Теміртау қаласының маңындағы ауылдардың бірінде тұратын 19 жастағы жігітті ұстады. Тергеу барысында оның арнайы жабдықталған жылыжайда қарасора өсіргені анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жылыжайдан 125 түп қарасораны тапқан. Сонымен қатар шаруашылық құрылыстарының бірін тінту барысында кептірілген есірткі заты мен тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қарасораны өз бетінше өсірген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі ("Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.