Қарағандылық бухгалтер 15 жыл бойы ақша жымқырып жүрген

Көркем Алдабергенова 06 нау. 2025 17:33 218

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар