Қарағандыдағы базарда саудегер өзін-өзі өртеп жібермек болды

Қаракөз Амантай 26 нау. 2026 16:41

Қарағандыдағы "Горняк" базарында 33 жастағы саудагер әкімшілікпен болған келіспеушіліктен кейін үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Вечерняя Караганда дереккөзінің мәліметінше, оқиғаға оның сауда контейнерлерін базар аумағынан алып шығуына рұқсат берілмеуі себеп болған. Осыған наразы болған азамат ашуға булығып, жұрттың көзінше осындай әрекетке барған.

Оқиға орнына бірден полиция, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі және әкімдік өкілдері жетті. Мамандар ер адаммен сөйлесіп, сабырға шақырған. Нәтижесінде ол өз ниетінен бас тартып, мәселені келіссөз арқылы шешуге келіскен.

Қазір жағдай бақылауда, тараптар арасында келіссөз жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove