Қарағандыда шаруа бірнеше жылқыны атып тастады: облыс әкімі пікір білдірді

Қаракөз Амантай 12 қар. 2025 15:33

Қарағанды облысы Нұра ауданында шаруалардың бірі 14 жылқыны атып, тағы үшеуін жаралаған. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол мұндай әрекет адамгершілікке де, заңға да қайшы екенін айтып, қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Жылқылар оның жерінде жайылып жүрсе де, мәселені басқа жолмен шешуге болар еді. Малдарды ату – қате әрі заң бойынша жазаланатын әрекет", – деді Бөлекпаев.

Әкімнің айтуынша, кей аудандарда жайылым жердің жетіспеушілігі байқалады. Дегенмен мұндай жағдайларды тек бейбіт келісім мен сөйлесу арқылы шешу қажет.

Сонымен қатар облыстағы жағдайды жақсарту үшін шамамен 1 миллион гектар жерді айналымға енгізу жоспарлануда. Бұл шаруалар арасындағы жер дауларын азайтуға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар