Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаракөз Амантай 17 сәу. 2026 09:13

Қайғылы оқиға 16 сәуір күні кешкі сағат 21:00 шамасында Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, бір бағытта келе жатқан екі мотоцикл соқтығысқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салдарынан 37 және 17 жастағы жүргізушілер оқиға орнында жан тапсырды. Сонымен қатар, тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove