Қарағандыда белгілі кәсіпкердің кесірінен алты көлік апатқа ұшырады

Көркем Алдабергенова 03 қыр. 2024 09:36 2363

Қарағандыда алты көліктің жол апатына түсуіне кінәлі белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Бұл туралы "Патриот" телеграм арнасы жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Телеграм арнаның мәліметінше, Камаевтың кәсібі көлік жасаумен байланысты. 

"Егер тергеу судьясы оны қамауға алу туралы қаулы шығарса, Камаев сот отырысына дейін абақтыда отырады. Оның адвокаттары үйқамақ немесе елден кетпеу туралы қолхатпен де шығарып алуы мүмкін. Кәсіпкер 55 жаста. Ол полицияға берген жауабында көлігі істен шығып, бұзылғанын айтқан. Мұны тексеру үшін тергеуші автотехникалық сараптама тағайындаған", - деп жазылған телеграмда. 

Жол апаты салдарынан оқиға орнында бір адам қаза тапқан болатын. Ол - "Ниссан" жүргізушісі, 1984 жылғы азамат. Ал көлікте отырған жолаушы әйел жүкті болған, қазір ол ауруханада.  

Жол апаты 2 қыркүйекте Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болып, бірден алты көлік соқтығысты. Оқиға күндіз сағат 14.15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар