Қарағанды облысында боранды түні үш мыңға жуық адам жолда қалды

Қаракөз Амантай 22 қаң. 2025 09:31 518

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы, әсіресе боран мен көктайғақ, көлік қозғалысына үлкен кедергі келтірді. Астана мен Алматы бағыттары да жабық жол учаскелерінің қатарына енген, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, өңірде алты жол учаскесі әлі де жабық. Сол жерлерде 1418 көлік қалып қойған, олардың ішінде:

  • 508 жеңіл автокөлік,
  • 900 жүк көлігі,
  • 10 автобус.

Бұл көліктерде жалпы саны 2924 адам болған.

"Жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға қажетті барлық көмек көрсетілуде. Оларға ыстық тамақ пен ауызсу беріліп жатыр. Қажет болған жағдайда жылыту орындарына немесе түнейтін жерлерге жеткізіледі. Қазіргі уақытта жол бойындағы дәмханалар, мешіттер мен интернаттарда 144 адам орналастырылды", – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты жол полициясы күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Облыстағы жолдарда 35 автопатруль мен 74 полиция қызметкері кезекшілік етуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар