Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында 46 271 гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы учаскесін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жердің кадастрлық құны 258 миллион теңгеден астам сома. Жер учаскесі ұзақ уақыт бойы өз мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Енді бұл жер оны ауыл шаруашылығын дамытуға тиімді пайдалана алатын жауапты азаматтарға беріледі.
Мұндай учаскелер өңірге және тұрғындарға пайдасын тигізуі үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайтару жұмыстары жалғасады.
Айта кетейік, 10 ақпанда Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 9 гектар жер мемлекетке қайтарылғаны белгілі болды.
2024 жылы мемлекет меншігіне 89,7 мың га 357 жер учаскесі қайтарылды. Осылайша, жоспар 128% орындалған. Бұл жұмыс жер ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған және ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.