Қарағанды облысындағы тас жолда 19 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург–Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды–Балқаш, 1492–1855 км) Балқаштан Қарағандыға қарай қозғалыс ашылған.
Себебі ауа райы жақсарып, жолда көліктер жиналып қалған. Қозғалыс Қарағанды облысы полициясы мен ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің алып жүруімен ұйымдастырылды.
Сағат 12:30-да осы учаскенің 1630-шы шақырымында 19 жеңіл автокөлік жаппай жол апатына түскен. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр.
Жол апатының алдын ала себебі – жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау.