Қарағанды облысы құрылыс пен басқаруда үздік аймақ атанды

Ақтоты Жапатова 20 мам. 2025 09:41

Қарағанды облысы биыл нақты құрылыс жұмыстары және өңірлік басқаруда тиімділіктің үлгісін көрсетті. Қазақстан Құрылысшылар одағы жариялаған рейтингке сәйкес, аймақ республика бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, бірнеше маңызды критерий бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатты еліміздің ірі салалық ұйымы (оның құрамында 250 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынатын 1500-ге жуық ШОБ компания бар) құрастырған. Бұл жай ғана аналитика емес: бағалау нақты жобаларға, сандарға, мердігерлердің тәжірибесіне негізделген.

Сарапшылар өңірлердің құрылыс саласындағы тиімділігін жобалардың іске асуы, бюджетті игеру сапасы, шенеуніктердің ашықтығы, индустриялық жобалардың орындалуы және мердігерлердің тәжірибесі сынды нақты критерийлер арқылы бағалаған.

"Біз тек уәделер мен қағаздарды ғана емес, объектілердің нақты іске қосылуын да бағаладық", – деді ҚҚО сараптама бөлімінің басшысы Ернұр Исақұлов. Қарағанды облысы жоспарлауға ғана емес, оны соңына дейін жеткізуге де қабілетті екенін көрсетті".

Құрылыс нақты, нәтиже айқын

Рейтингтің басты өлшемі – құрылыс қарқыны мен мемлекеттік бюджетті тиімді игеру болды. Бұл ретте Қарағанды облысы индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған жобаларды уақытында аяқтап, нақты өндірістік нысандарды іске қосқан санаулы аймақтың бірі ретінде танылды. Сарапшылардың бағалауынша, өңірде бөлінген қаражат уақыт оздырмай игеріліп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар шынайы құрылысқа айналған.

Мәселен, облыс аумағында зауыттар, жолдар және әлеуметтік нысандар салынды. Жоба күйінде қалып қоймай, нақты іске асырылған бұл жұмыстар үшін Қарағанды облысы +10 балл жинады. Яғни, өңір сызбадағы зауытпен емес, қабырғасы қаланған, іске қосылған өндіріс орындарымен бағаланып отыр.

Шенеуніктердің жұмысына – ашық баға

Рейтингте шенеуніктердің ашықтығы мен адалдығы да негізгі көрсеткіш ретінде қаралды. Қарағанды облысы бұл бағытта да оң бағаланды. Әкімдік тұрғындармен байланыс орнатуда, мәселелерді шешуде және шешім қабылдауда ашықтықты ұстанып отыр.

Аймақ экономикасы серпінді дамып келеді

Облыс әкімдігі аймаққа бөлінген қаржыны нақты жобаларға бағыттап, олардың нәтижесін мерзімінен бұрын көрсете алды. Бұл – өңірдің басқару сапасының, тиімді жоспарлау мен орындаудың айғағы.

Құрылысшылар одағы мен сарапшылар қауымдастығының айтуынша, Қарағанды облысы индустрияландыру картасында қозғалтқыш күшке айналып келеді. Бұл – көмірлі аймақтың өндірістік қуаты мен әлеуетін тиімді пайдалануының нақты көрінісі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар