Қарағанды облысы Жезқазған қаласы театрының жаңа басшысы тағайындалды

Dalanews 13 там. 2020 08:51 240

"С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театрының" басшысы лауазымына М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының экс-орынбасары Досхан Сәкенұлы тағайындалды.


Театрдың жаңа басшысын Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Ерлан Нелдыбаев таныстырды.


Досхан Сакен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "театр актері" және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің "Құқықтану" мамандығы бойынша тәлім алған.



Еңбек жолын Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында бастады. Әр жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында "Шығармашылық лабороторияның" продюсері, "Алашұлы" этно-тобының арт-директоры, отандық жеке киностудиялар мен театрдың директоры, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының Маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, М.Әуезов театры директорының орынбасары лауазымында еңбек етті.


"Қазақстан меншік иелерінің құқықтарын басқару қоғамы" Республикалық қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры лауазымында қызмет етті. Жеке киностудия мен театрда қызмет атқара отырып,  Халықаралық театр фестивальдерінің қатысушысы және отандық кино және ТВ саласында қызмет атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x