БАҚ мәліметінше, Түркия жағалауынан 130 шақырым қашықтықта Мәскеудің «көлеңкелі флоты» құрамына кіретін ресейлік Midvolga 2 танкеріне шабуыл жасалған, деп хабарлайды Dalanews.kz
Дереккөздердің хабарлауынша, кеме Ресей мұнайын тасымалдау бағытында жүрген кезде соққыға ұшыраған. Зақымдану деңгейі мен шабуылдың жай-жапсары нақтыланып жатыр.
Өзге бір деректерде ресейлік танкер Грузияға күнбағыс майын тасымалдап бара жатқан деген ақпарат тарады.
Қалай болғанда да, «Көлеңкелі флот» тағы да шығынға ұшырап отыр, әрі Ресейдің санкцияларды айналып өту схемаларына төнген қауіп күн сайын артып келе жатқандай.
