Қар құрсауында қалған Семей мен Абай ауданына барынша көмек көрсетілуде

Dalanews 29 қар. 2016 04:05 932

Өкімге сәйкес жауапты мемлекеттік органдар қыстақтарға апаратын жолдардың қарын күреп, шаруаларға жем-шөптерін жеткізуді ұйымдастырулары тиіс.

Үш ауданның әкімдігі Абай ауданындағы қыстақтарға апаратын жолдардың қарын тазалау үшін үш ауыр техника жіберулері керек. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы төрт ауданның әкімдігімен бірлесіп, Семей қаласының және Абай ауданының қар құрсауында қалған шаруа қожалықтарына 1500 тонна шөп пен 537 тонна жем жеткізуді ұйымдастыруы қажет.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасына Семей қаласы мен Абай ауданының әкімдіктерімен бірге ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарымен келісіп, әлсіреген малды өткізуді ойластыру міндеттеліп отыр.

Абай ауданының Саржал ауылдық округінде қарашадан бері 50 сантиметрден астам қар түсіп, артынша жаңбыр жауды, аяздатты. Сөйтіп, жер бетіне мұз қатып, жылқылардың тебіндеуі қиындай түскен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар