Қазгидромет 2, 3, 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болжанып отыр.
2–3 қазан күндері республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын жауады. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Ауа температурасы мынадай болады:
- Батыс аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 2-13 градусқа дейін, күндіз 20-25 градусқа дейін.
- Республиканың солтүстік-батысында түнде 1-9 градус аяз болса, күндіз 5-20-дан 10-23 градусқа дейін көтеріледі.
- Солтүстік аймақтарда түнде 7 градустан 3 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3-13 градус жылы болады.
- Орталықта түнде 8 градустан 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз негізінен 5-18 градус жылы болады.
- Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 2-10 градус жылы, күндіз 15-25 градус жылы.