Қаңтарда "Самат Әбіштің бұйрығын орындаған" Руслан Ысқақовқа сот үкімі шықты

Көркем Алдабергенова 27 қаң. 2025 11:48 877

Алматыда «Қаңтар оқиғасына» қатысты айыпталғандардың үкімі жарияланды. Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман»), Қайрат Құдайберген, Руслан Ысқақов сынды басты фигуранттармен қатар, сотталушылар тізімінде тағы да ондаған адам бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ҰҚК-ның 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовты тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Бұған қоса, оған мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге тыйым салынып, мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Еске салсақ, Руслан Ысқақов бұған дейінгі мәлімдемесінде «Қаңтар оқиғасы» кезінде бұйрықты Самат Әбіш (экс-президент Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) бергенін айтқан.

Сондай-ақ ол Арман Жұмагелдиевті ұстау туралы нұсқау шетелден телефон арқылы түскенін мәлімдеген болатын.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар