Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді.
Іс-шара нәтижесінде:
- заңсыз айналымнан 340 қару, 2 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленді;
- 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;
- алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде 70 атыс қаруы тәркіленді.
