Қалада көлік көп: Алматыда жол апаты азаймай тұрғанына не себеп?

Сағыныш Сардарова 24 қаз. 2024 13:26 2790

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол апаты статистикасынан деректер келтіріп, жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматыда 3 869 жол-апаты тіркелген, соның салдарынан 4 211 адам зардап шеккен.

Апаттардың негізгі себебі қаланың көлік құралдарының көптігі: бүгінгі күні Алматыда 650 889 автомобиль тіркелген, ал күн сайын мегаполиске өңірлерден 550 000-ға дейін көлік кіреді.

Мопедтер мен электр скутерлер сияқты баламалы көлік түрлеріне қатысы жол апатының артуына ерекше назар аударылды.

Полицияның мәліметінше, мопедтерге қатысты 743 ЖКО болып, 757 адам зардап шегіп, 14 адам қаза тапты.
Электр скутерлеріне қатысты 103 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 109 адам жарақат алды; қаза тапқандар жоқ.

Мотоциклдерге қатысты 19 апат тіркеліп, 19 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты.

Салтанат Әзірбек Алматы көшелерінде мопедшілер мен скутерлерді пайдаланушыларды бақылауды күшейту үшін күн сайын рейдтер жүргізетін 8 мотоцикл экипажы патрульдейтінін атап өтті. Жыл басынан бері 31 894 мопед жүргізушісі және 28 762 скутер пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды мопедтер мен скутерлер жүргізуге рұқсат еткені үшін 113 ата-анаға қатысты шаралар қабылданды.

"Жыл басынан бері барлығы 3 420 483 рет жол қозғалысы ережелерін бұзылған. Мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін 1 890 жүргізуші ұсталды, 2 846 адам жүргізуші куәлігінен айырылды, ал 6 000-нан астам көлік құралы, оның ішінде 1 700 мопед арнайы тұраққа қойылды", - деп қорытындылады Алматы ПД өкілі.

Айта кетейік, 3 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мопед иелерін жүргізуші куәлігін алуға және көлік құралдарын тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтердің қатысуымен болған ЖКО санын азайтуға бағытталған.

Тіркелу үшін мопед иелеріне мына құжаттарды ұсыну керек:

- Жеке басты куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда);
- Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген КҚТК және МТНБ бергені үшін тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;
- Егер бар болса, техникалық құжат немесе ашық көздерден алынған мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
- Меншік иесінің өтініші;
- Көлік құралын тексеру актісі.

Мопед рамасының нөмірі болмаған жағдайда, сәйкестендіру нөмірін тіркеуге дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар