Қадыров қызметінен кетті

Қадыров қызметінен кетті

Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, шенеунік бұл лауазымды 2022 жылдан бері атқарып келген болатын.