Конференция барысында бас имам елдегі індеттің алдын алу мақсатында биыл Қадір түнін отбасымен бірге үйде өткізу туралы кеңес берді.
– Бүкіл әлем ауыр сынақты бастан кешіп жатыр. Індет еліміздегі кейбір діни шаралардың өтуіне айтарлықтай кері әсерін тигізді. Десек те, вирусты біз бірге жеңуіміз керек. Ол үшін шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Пандемиялық жағдайға байланысты биыл Қадір түнін мешітте өткізбейтін болдық. Сондықтан онлайн уағыз айту іс-шараларын өткізетін боламыз, – деді бас имамы Ермек Мұқатай.
Оның айтуынша, енді өңірде карантин талаптарын сақтай отырып, мешітте жұма намазын оқуға болады.
– Осы жұмадан бастап мешітте жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Яғни, індеттің өршуінің алдын алу мақсатында жұма намазын мешіттің ауласында оқитын боламыз. Мешітке келушілер міндетті түрде маска мен қолғап болуы керек. Сонымен қатар, дәретті шығар кезде үйден алып, мүмкін болса өздеріңізбен бірге жайнамаз ала келуді сұраймыз, – деді Ермек Мұқатай.