«Тікелей желі» кезінде Путинге сұрақ қойған 12 жасар Варвара Кузнецованың сауалы талайды таңғалдырды.
– Егер Порошенко мен Ердоған суға кетіп бара жатса, қайсысын бірінші құтқарар едіңіз? – деді қаршадай қыз.
– Егер біреу суға батып кетуді қаласа оны құтқарып қалу мүмкін емес. Біз кез-келген әріптесімізге көмек қолын созуға әзірміз, бірақ бұған әріптесіміздің мүдделі болуы керек, – деді деді Путин.
Ал бесіктен белі шықпаған баланың Ердоған мен Порошенкода несі бар? Путиннің мінезін жақсы білетін сарапшылардың айтуынша, бұл алдын-ала дайындалған сценарий. Осы арқылы Кремль Украина мен Түркияға қатысты көзқарасын аңғартып отыр.