"Экстремистік элементтер Беларусь шекарасын басып өтіп, топалаңды бастамайынша ешқандай күш қолданылмайды", - деді ол.
Ресей президенті "Белоруссияда ресейлік күштерді қолдануға әлі қажеттілік жоқ екенін" баса айтып, оның ары қарай да қажеттілігі болмайтындығына үміт артатынын жеткізді. Ол мұнымен Мәскеу де, Минск те келісетіндігін атап өтті.
360tv.ru хабарлағандай, Ресей президенті Белоруссияның құқық қорғау органдары өзін ұстамды ұстайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір бұл елдегі жағдай реттеліп келеді.