Психологтарға арналған кәсіби стандарт енгізілмек

Көркем Алдабергенова 08 сәу. 2026 12:01

Қазақстанда психологтарға арналған кәсіби стандарт енгізу жоспарланып отыр. Бұл норма «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасына енгізілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат Айна Мұсралимова психологиялық қызметке сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. Алайда оның айтуынша, бұл сала әлі толық реттелмеген: бүгінде кез келген адам тиісті білімі мен жауапкершілігі болмаса да өзін психолог ретінде таныстыра алады.

Заң жобасында мынадай талаптар қарастырылған:
– мамандардың біліктілігі мен біліміне нақты талаптар енгізіледі;
– жеке тәжірибемен айналысатын психологтар клиентпен міндетті түрде келісімшарт жасасуы тиіс;
– психологиялық көмек көрсету формалары (офлайн, онлайн және аралас) еріктілік және келісім қағидаттарына негізделеді;
– психологтарды мемлекеттік реестрге міндетті түрде тіркеу енгізіледі;
– клиент деректерінің құпиялығы сақталады;
– психологтарға дәрі-дәрмек арқылы ем жүргізуге тыйым салынады.

Құжат қазір Парламентте бірінші оқылымда мақұлданған. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен ата-анасының келісімінсіз жұмыс істеуге тыйым салу ұсынылған. Бұл талап тек мектептер мен дағдарыстық жағдайларға қатысты қолданылмайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove