Приғожин өлді: қайтыс болған бортсеріктің Қазақстанға қандай қатысы бар?

Dalanews 25 там. 2023 05:16 849

Ресейдің Твер облысында "Уагнер" жетекшісі Приғожин мінген ұшақ апатқа ұшырады. 8 мың метр биіктіктен құлдыраған Embraer Legacy-дің бортында үш ұшқыш және жеті жолаушы болған. Бәрі де тіл тартпай кетті.

Ұшақтағы жалғыз әйел, 39 жасар бортсерік Кристина Распопованың Қазақстан тумасы деп хабарлайды Dalanews.kz

Кристинаның ағасы Евгений Распопов Челябі облысы прокурорының орынбасары. Екеуі де есейе келе Ресейге көшіп кеткен.

Кристина ағасының көмегімен Приғожиннің жекеменшік ұшағына бортсерік болып орналасқан.



Апаттың алдында Кристина рейсті түсініксіз себеппен кешіктіріп жатқанына шағым айтқан.

Ал Путин Приғожиннің қазасына байланысты көңіл айтып, "қасапшылардың" жетекшісін "тағдыры қиын, талантты адам болды" деді.

"Пригожинді 90-жылдардан бері танимын. Ол тағдыры ауыр, үлкен қателік жасаған кездері де көп, сонымен бірге өз мақсаттарына жете алған талантты кәсіпкер болды", - деді Путин.


Сарапшылар Пригожиннің екі ай бұрынғы бүлігін еске алып, орыс билігі әдейілеп оның көзін құртуы мүмкін дегенді айтып жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар