16.09.2026 жылы Қоянды ауылының мектеп-лицей-гимназиясында Целиноград ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 500-ден астам оқушыны қамтыған «Прокурор сағаты» атты ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесудің басты ерекшелігі - практикалық формат. Дәстүрлі дәрістің орнына оқушылар үшін жасөспірімдер күнделікті өмірде кездесуі мүмкін нақты жағдайлар негізінде арнайы кейстер әзірленді.

Буллинг және кибербуллинг, құрдастар арасындағы жанжалдар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы талқыланды.
«Прокурор сағаты» барысында оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз шешімдерін ұсынып, прокуратура өкілдерімен бірге түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету алгоритмдерін қарастырды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке жауапкершілікке, заңды құрметтеуге және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
«Прокурор сағаты» - жастармен заң, жауапкершілік және қауіпсіздік туралы ашық диалог.
Мұндай практикалық формат балаларға заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларда дұрыс қолдануға үйретуге мүмкіндік береді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы жұмыстар жалғасуда.