Президент қорғаныс саласында маңызды тағайындау жүргізді

Сағыныш Сардарова 15 там. 2025 10:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындау жүргізді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік,Серік Жақсығалиұлы 2024 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар