Президент "Қазақстан халқы" қорына үлес қоспаған олигархтарды сынады

Dalanews 28 қаң. 2022 10:40 727

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқы" қорына үлес қоспаған бизнес өкілдерін сынады деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қордың құрылу мақсатын сөз еткен Президент осы іске алғашқы болып атсалысып, қомақты қаржы аударған кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

"Сіздер осы елдің азаматы ретінде үлкен жауапкершілік үлгісін көрсеттіңіздер. Сіздер аударған ауқымды қаражат көмекке мұхтаж азаматтарға бағытталатын болады", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қорға ақша аударудан бас тартып, қайырымдылық акциясынан сырт қалған бизнес өкілдерін сынға алды.

"Олигополияның, олигархияның ажырамас бөлшегі саналатын бизнестегі кейбір азаматтар осынау акцияға атсалысуға асықпай отыр. Мемлекет басшысы ұйытқы болған бастаманы көзге ілмей, немқұрайлылық танытуда. Бұл ненің белгісі? Сараңдық па, әлде нигилизм бе? Бәлкім мемлекетпен санаспаудың және жауапсыздықтың көрінісі болар", – деді Тоқаев.

Президент бұл мәселені осы күйінде қалдырмайтынын мәлімдеді. Оның атап өткеніндей, аталған мәселеге анық-қанық жауап алу үшін мемлекет тарапынан тиісті шара қабылданады.

"Өз тарапымнан ірі бизнестің қайырымдылыққа атсалысуын міндеттейтін арнайы жарғы қабылдаймын",  – деді Мемлекет басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар