– Елорда әкіміне қатысты айтатын болсам, оның жүргізіп жатқан белсенді жұмысын оң бағалаймын. Қала тұрғындарымен, оның ішінде мәселесі бар аудан тұрғындарымен кездесу жұмыстары жақсы жүріп жатыр.
Адамдармен кездесіп біздің саясатымызды, оның ішінде елорда тұрғындары атап өтетін мәселелер мен мүмкіндіктерді түсіндіріп жүрсіз, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент күн тәртібіндегі тағы бір мәселе – астананы, оның ішінде қала шетін әлеуметтік, тұрғын-үй және көлік инфраструкрасымен қамтамасыз ету керегін айтты.
– Үнемі қаланы көріктендірумен айналысу керек. Бұған аудан әкімдерін де, сонымен қатар, орынбасарларыңыздың бірін де тартуыңыз керек. Керек мамандар жетпесе, алыңыз. Үкіметпен келісіп, бұл қызметке кімді тартуға болатынын ақылдасыңыз. Себебі кез келген қазақстандық болсын, шетелдік азамат болсын қаланың көркіне назар аударады. Әрине, ол климаттық жағдайға да байланысты екенін түсінемін. Бұл жерде оңай іс жоқ, үнемі қаланы абаттандырумен айналысу керек. Себебі астана - мемлекетіміздің айнасы, – деді Мемлекет басшысы.