Президент жер мәселесіне қатысты Жарлыққа қол қойды

Президент жер мәселесіне қатысты Жарлыққа қол қойды



Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді - дейді BAQ.kz тілшісі.




Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Онда еліміздегі өзекті болып отырған жер мәселесі туралы, жерді жалға беру бойынша 5 жылға мораторий жариялау туралы айтылған.

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы»


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 18 тамыз № 308

Естеріңізде болса, биылғы жылдың ең басты оқиғасына айналып, елдің дүрлігуін тудырған жер мәселесіне қатысты комиссия мораторийдің уақытын 5 жылға созу туралы ұсынысын Елбасыға жеткізген болатын. Президен комиссия мүшелерінің ұсынысын қабыл алып, мораторий уақытын созуға келісім берген еді.