Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау
primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнес ахуалды жақсарту және инвестиция тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдап келеді. Жаңа инвестициялық кезеңді іске қосуға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және болжамды фискалдық саясатты орнықтыруға ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгінде экономикалық өсім нақты сектордың қарқынды дамуы, өндірісті әртараптандыру және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін нығайту есебінен қамтамасыз етіліп келеді. Сонымен қатар, мемлекет төлемдерді арттыру бойынша әлеуметтік міндеттемелерді жүйелі түрде қамтамасыз етіп, жергілікті елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамытып, ұзақ мерзімді келісімшарттар тетігі арқылы отандық кәсіпорындар өнімдерін кепілді өткізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

2026 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша бұл жұмыс тұрақты нәтиже көрсетті. Макроэкономикалық тұрақтылықтың басты драйвері негізгі капиталға салынған инвестициялар болды, олардың көлемі 9,5 трлн теңгеден асты. Бұл ретте жеке инвестициялар көлемі 21,4%-ға өсіп, жалпы өсімнен жоғары қарқын көрсетті. 

Көрсеткіштер жақсаруына бизнеске әкімшілік қысым төмендеуі, мемлекеттік сатып алу мерзімі үш есе қысқаруы және цифрландыруды енгізу айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар, елімізде жаңа Салық және Бюджет кодекстерін жүзеге асыру басталды. Олар нақты сектор үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған.