Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс: Айбек Дәдебай кетіп, орнына Роман Скляр келді

Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс: Айбек Дәдебай кетіп, орнына Роман Скляр келді
gov.kz

Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды. Айбек Дәдебай атқарып отырған лауазымынан босатылып, орнына Роман Скляр келді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды.

Орнына Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Айбек Дәдебай 2024 жылы 6 ақпанда Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Ал  Роман Скляр бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.