2025 жылдың алғашқы алты айында елімізде мас күйде көлік басқарған жүргізушілердің қатысуымен 198 жол апаты тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 18 адам көз жұмып, 318 азамат түрлі жарақат алды.
Мамандардың айтуынша, көлікті мас күйде жүргізу — жолдағы ең қауіпті заңбұзушылықтардың бірі. Мұндай жауапсыз әрекет тек жүргізушінің ғана емес, айналасындағылардың да өміріне үлкен қауіп төндіреді.
ІІМ таратқан бұл дерек — жол ережесін елемеудің, ішімдіктен кейін көлік тізгіндегендердің салғырттығының нақты көрінісі.