Полиция 27 қазан күні сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім кентінде мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысушылардың бірінің үйінің жанында 30-ға жуық адам жиналғаны туралы ақпарат келіп түскенін растады. Адамдар тобы бірқатар жеке үйлердің әйнектерін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті сындырған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (адамдар тобымен жасалған бұзақылық).
Сондай-ақ сағат 22:45-те Панфилов АПБ кезекші бөліміне Педжим кентіндегі жаңа салынған үйлер орналасқан жердегі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына аудандық полиция бөлімі мен ТЖБ кезекші нарядтары келді.
Үй иесінің айтуынша, өрт пеш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан орын алған. Сағат 23.30 шамасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.
Кентте қоғамдық тәртіп қамтамасыз етіліп, жағдай бақылауда. Алматы облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
https://dalanews.kz/del-qazir/69428-penzhimde-soqqyga-zhygylgan-oqushynyng-zh