Полиция экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға, сондай-ақ Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Роговаға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Бұл туралы "ТПК Азия" ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Осы жылдың 14 наурызында мемлекет басшысы Тоқаев Бас прокурор Асыловпен кәсіпті бопсалаушылардан қорғау тақырыбында кездесу өткізді. Ал 19 ақпанда Меғдат Қалиев екеуіміз Бас прокуратураға арыз жаздық. Президентіміздің тапсырмасына қарамастан, Бас прокуратура істі ҚМА-ға жібереді, дегенмен ҚМА-дан маған ешкім хабарласпады және ешқандай тергеу әрекеттерін жүргізбеді.
Олар мені Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне дейін апарды, бірақ менің Алмалы ауданына мүлдем қатысым жоқ, тіпті онда тұруға ықтиярхатым да жоқ. Біз келдік, арызымыз бойынша түсініктеме бердік, қағаз жүзінде дәлелдер әкелдік. Президент тапсырмасына қарамастан, олар құжатты дұрыс қарамады, күні кеше қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, конституциялық құқығымызды қайта бұзды", - деді Бимурзин ҚазТАГ редакциясына берген сұқбатында.
Ол Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінен Назарбаеваға және басқа да тұлғаларға қатысты арыз номенклатуралық іс ретінде есептен шығарылғанын көрсететін хаттың көшірмесін ұсынды.
"Бұл - қылмыстық істі қараудан бас тарту туралы жауап, біз қазір осы іс бойынша шағым түсірдік және оны тергеу сотына жібереміз", - деп атап өтті Бимурзин.
Кәсіпкер Роговаға қатысты жағдайға да түсініктеме берді.
"Рогова ханымға келетін болсақ, ол біздің сұхбаттарымыз бен сөйлеген сөздерімізге ашумен жауап береді. Бізді көзбен көрмегенін, сондай-ақ біздің жала жабумен және бопсалаумен айналысып жатқанымызды айтады. Бірақ бұл алдымен бекітіліп, қамтамасыз етілуі керек.
Қалиевпен бірге жариялап отырған сенімхаттар, бұл компаниямыздың "ТПК Азия" ЖШС қызметіне қатысты екенін көрсетеді. Және ол біздің активтерді Sinooil-ға сатуға қатты кірісті. Жалпы, біз Қалиевпен қанішер емеспіз, бұл жерде ешкімді түрмеге қамағымыз келмейді, т.б. Біз жай ғана меншік құқығымызды қалпына келтіріп, моральдық азаптың орнын толтырғымыз келеді", - деп атап өтті Бимурзин.
Сөзін растау үшін ол редакцияға Қалиевтің атынан Рогованың атына жазылған сенімхаттың көшірмесін берді, онда Конституциялық Кеңестің бұрынғы төрағасының әйелінің қолтаңбасының үлгісі бар.
Еске салайық, Бимурзин 28 ақпанда серіктесі Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын хабарлаған болатын.
"2003 жылы (Назарбаева – ред) өз ықпалын пайдалана отырып, құны 170 миллион долларды құрайтын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю станциясынан тұратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басып алды. Рейд үшін ол бұрынғы иелерін түрмеге қамап, дене жарақатын саламын деп қорқытты. Тіпті ол күндіз Алматының орталығында кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашықтан-ашық ұрлап әкеткен және куәгерлердің айтуынша, ұрлауға құқық қорғау қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін", - деп айтқан болатын кәсіпкерлер.
14 наурызда Бас прокуратура Назарбаеваның рейдерлік әрекеті туралы арызын тіркегенін хабарлады.