Польшада қазақстандық әскери дипломат ұсталған

Сағыныш Сардарова 13 там. 2025 17:33

Польшада қазақстандық әскери дипломат ұсталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар орталығы қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін Польша құқық қорғау органдары ұстағанын растады.

"Қазір бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажет шаралар қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол Польшада тыңшылық жасағаны үшін ұсталғаны айтылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар