Петропавлды су басу қаупі бар - ТЖД мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 08 сәу. 2024 15:48 1504

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының толымдылығы 180%-ға жетті. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның мәліметінше, Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмағанымен, қоймадағы су деңгейі 415 см-ге жеткен.

"12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін (Петропавл) үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде", - деді Мұрат Қанғожинов.

Бүгінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан 3 аудан мен Петропавл қаласында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл аймаққа 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Бұдан бөлек, су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар.

Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар